2015 жылғы 13 тамыз, Астана қаласы
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде ақпаратты уақтылы тарату, жедел ақпаратты жинауды және өңдеуді жүйелендіру мақсатында бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9697 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
11-тарауды мынадай мазмұндағы «Күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру туралы және күштер мен құралдарды төтенше жағдай аймағына жіберу туралы жедел ақпарат ұсыну» деген 3-параграфпен толықтырылсын:
«Параграф 3. Күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру туралы және күштер мен құралдарды төтенше жағдай аймағына жіберу туралы жедел ақпарат ұсыну
94-1.Күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру туралы және күштер мен құралдарды төтенше жағдай аймағына жіберу туралы жедел ақпарат ұсыну кезінде мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
төтенше жағдай аймағы – төтенше жағдай қалыптасқан аумақ;
жедел штаб – авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатысатын азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының іс-қимылдарын үйлестіру үшін төтенше жағдайларды жою басшысының шешімімен құрылған басқару органы;
облыстық жедел штабтың жұмыс органы – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттерінің Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі басқармасы;
республикалық жедел штабтың жұмыс органы – Төтенше жағдайлар комитетінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығы.
94-2.Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі төнген және туындаған кезде аумақтарында осындай қатер туындаған облыстар, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің жедел кезекшілері облыстық жедел штабтың жұмыс органына осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес №1 нысаны бойынша күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру туралы №_ мәлімдеме ұсынады.
94-3.Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде аумақтарында төтенше жағдай туындаған облыстар, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы өңірлік қолбасшылықтарының жедел кезекшілері облыстық жедел штабтың жұмыс органына осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес №2 нысаны бойынша күштер мен құралдарды төтенше жағдайлар аймағына жіберу туралы №_ мәлімдеме ұсынады.
94-4.Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі төнген және туындаған кезінде республикалық жедел штабтың сұрауы бойынша төтенше жағдайлар қаупі төну және туындау аумағынан тыс орналасқан облыстар, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің жедел кезекшілері оның жұмыс органына № 1 және № 2 нысандар бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жедел кезекшісі № 2 нысан бойынша мәлімдеме ұсынады.
94-5.№ 1,2 нысандар бойынша мәлімдеме кейіннен жазбаша растай отырып барлық қолданыстағы байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету арналары мен жүйелері (түрлері) бойынша дереу беріледі.
94-6.№ 2 нысан бойынша мәлімдеме одан әрі ахуалды нақтылай отырып, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу аяқтағанға дейін әр бір 4 сағат сайын, ал жағдайдың өзгеруі жағдайда дереу ұсынылады.
97-7.Мәлімдемелерде барлық әдеттегі, толық мәліметтер көрсетіледі.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 19-қосымшасымен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі Қ.ҚАСЫМОВ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 13 тамыздағы №690 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен
кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларына 19-қосымша
№ 1 нысан
Күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру туралы
№ __ мәлімдеме
1. Ықтимал ТЖ түрі __________________________
2. Ықтимал оқиға орны
Облыс (қала) ______________________
Аудан ____________________________
Елді мекен ________________________
3. Бөлімше:
Бөлімшенің атауы Орналастыру орны
(мекен-жайы) Жеке құрамның саны
(адам)
4. Жарақтау:
Бөлімшенің атауы Жарақтау түрі Атауы Саны
Азық-түлік (тәулік)
Жанар-жағармай материалдары, (мотосағат)
Арнайы киімдер, (дана)
Арнайы аяқ киімдер, (дана)
Қарапайым құрал-саймандар, (дана)
Шатырлар, (дана/сыйымдылығы)
Вагоншалар, (дана/сыйымдылығы)
Киіз үй (дана/сыйымдылығы)
Байланыс құраллдары, (дана)
6. Техника барлығы, ____ бірлік. оның ішінде:
Бөлімшенің атауы Техника түрі Атауы Саны
Автокөлік, (бірлік)
Арнайы техника, (бірлік)
Жүзу құралдар (бірлік)
Мотопомпалар, (бірлік)
Дәнекерлеу агрегаттары, (бірлік)
Компрессорлар, (бірлік)
Дербес энергиямен жабдықтану көздері, (бірлік)
Дербес жылу энергиясы көздері, (бірлік)
7. Әзірлікке келтіру уақыты (сағат, мин.) _________________________________________________________
8. Лауазымды тұлға, Т.А.Ә. (әзірлікке келтіру нұсқауын беруші)
_______________________________________________________________________________________________
9. Мәлімдемеге қол қойған адамның лауазымы, Т.А.Ә.
_______________________________________________________________________________________________
10. Мәлімдемені ұсынған күні мен уақыты
_______________________________________________________________________________________________
№ 2 нысан
Күштер мен құралдарды төтенше жағдай аймағына жіберу туралы № __ мәлімдеме
1. ТЖ түрі __________________________
2.Бөлімше:
Бөлімшенің атауы Орналастыру орны
(мекен-жайы) Жеке құрамның саны
(адам)
3. Жарақтау:
Бөлімшенің атауы Жарақтау түрі Атауы Саны
Азық-түлік (тәулік)
Жанар-жағармай материалдары, (мотосағат)
Арнайы киімдер, (дана)
Арнайы аяқ киімдер, (дана)
Қарапайым құрал-саймандар, (дана)
Шатырлар, (дана/сыйымдылығы)
Вагоншалар, (дана/сыйымдылығы)
Киіз үйлер (дана/сыйымдылығы)
Байланыс құралдары, (дана)
4. Техника барлығы, ____ бірлік, оның ішінде:
Бөлімшенің атауы Техника түрі Атауы Саны
Автокөлік, (бірлік)
Арнайы техника, (бірлік)
Жүзу құралдар (бірлік)
Мотопомпалар, (бірлік)
Дәнекерлеу агрегаттары, (бірлік)
Компрессорлар, (бірлік)
Дербес энергиямен жабдықтану көздері, (бірлік)
Дербес жылу энергиясы көздері, (бірлік)
5. Қайда жіберіледі:
Бөлімшенің атауы Жұмыс істеу орны (облыс, қала, аудан,
елді мекен) Жіберу күні мен уақыты
(астаналық) Көліктің түрі
(атауы) Жүру бағыты
(станция, елді мекен) Нөмір
(эшелон, ұшақ, лек) Жолдағы уақыт
(жоспарлы, уақыты) Жолдағы нақты болу орын (облыс, қала, аудан,
елді мекен) Кешігу себебі
6. Келу пункті:
Бөлімшенің атауы Келу күні мен уақыты,
(астана уақытымен) Уақытша орналасу орны (облыс, қала, аудан,
елді мекен) Жұмыс жүргізу ауданы (облыс, қала, аудан,
елді мекен) Жүргізілетін жұмыстың
сиапттамасы Кету күні мен уақыты (астана уақытымен)
7. Лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (ТЖ аймағына күштер мен құралдарды жіберуге нұсқау берген)
_______________________________________________________________________________________________
8. Мәлімдемеге қол қойған адамның лауазымы, Т.А.Ә.
_______________________________________________________________________________________________
9. Мәлімдемені ұсынған күні мен уақыты
_______________________________________________________________________________________________
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 18 қыркүйекте Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №1208 болып енгізілді.